
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының прокуратурасы субсидия беру кезінде заңдылықтың сақталуын талдау нәтижелері бойынша 12 миллионға жуық теңге көлемінде бюджет қаражатын теріс пайдалану фактілерін анықтаған.
Талдау барысында 2023 жылы 11 935 000 теңгеге субсидияланған 1 154 бас малдың сақталу мерзімі қамтамасыз етілмей, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорынан есептен шығарылғаны анықталды.
Мысалы, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 04.05.2023ж. 383 асыл тұқымды ірі қараға 3 830 000 теңге көлемінде субсидия алып, оларды біржылдың ішінде дерекқордың есебінен шығарған.
«15.03.2019ж. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес мал басының жыл бойы сақталуы (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз етілуі міндеттелген», – делінген хабарламада.
Осының салдарынан мемлекетке 11 935 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді.
Заңды бұзу фактілері бойынша құзыретті органға тиісті қадағалау актісі енгізілді, қарау сатысында.
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025