
Франция президенті елдің ядролық стратегиясы мен Еуропа қауіпсіздігіне қатысты өткір мәлімдеме жасады.
Ол француз ядролық қаруын одақтастарды қорғау үшін қолдану мәселесін қарастыратын «стратегиялық пікірталастарды» бастайтынын жариялады. Сондай-ақ, Украинадағы ықтимал бітімге қарсы шығып, «бейбітшілік Ресейдің шарттарымен орнай алмайды» деп атап өтті.
Эммануэль Макрон Францияның ядролық тежеу рөлін Еуропа одақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында талқылауға ниетті екенін мәлімдеді.
Ұлыбритания ЕО-дан шыққаннан кейін, Франция – одақ құрамындағы жалғыз ядролық қаруға ие мемлекет болып қалды.
Өз сөзінде Макрон Украинадағы бітімге қарсы екенін білдірді. Оның айтуынша, мұндай келісім «тым әлсіз» болуы мүмкін.
«Бейбітшілікке жетудің жолы – Украинаны қолдаудан бас тарту емес. Бейбітшілік кез келген бағамен және Ресейдің айтуымен орнамауы тиіс», – деді Франция президенті.
Сондай-ақ, Макрон Франция Украинада бейбіт келісімдер жасалса, олардың орындалуын қадағалау үшін өз әскерін жіберуге дайын екенін атап өтті. Оның айтуынша, еуропалық күштер әскери қимылдарға қатыспайды, бірақ бейбітшіліктің сақталуына кепілдік бере алады.
Бұл мәселені талқылау үшін Франция оған қатысуға дайын мемлекеттердің штаб басшыларын жинауды жоспарлап отыр.
«Біздің одақтасымыз – Америка – енді Украинаны азырақ қолдап отыр және болашаққа қатысты сұрақ бар. Біздің қауіпсіздігіміз бен әл-ауқатымыз бұрынғыдан да белгісіз болып барады. Біз жаңа дәуірге қадам бастық», – деді Макрон.
-
06.03.2025
-
06.03.2025
-
06.03.2025
-
06.03.2025
-
06.03.2025
-
06.03.2025
-
06.03.2025
-
06.03.2025
-
06.03.2025