06-03-25 |
450 рет қаралған
Шерзат Болаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылған жоқ – прокуратура.
Шерзат Болаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылған жоқ – прокуратура

Қатты соққыға жығылып, қайтыс болған жасөспірім Шерзат Болаттың үйін өртеді деген күдіктілер әлі табылмады, деп мәлімдеді бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

«Тергеу жалғасуда. Тергеу нәтижесі қандай болатынын қазір айта алмаймын. Бірақ қандай да бір ақпарат пайда болғанда, қоғамға хабарланады деп ойлаймын. Әзірге табылған жоқ. Менде ондай ақпарат жоқ», – деді Шындалиев бейсенбі күні сенат дәлізінде.

Ал 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты бас прокурордың орынбасары прокурорлар айыптау актісін дайындап жатқанын айтты.

«Қылмыстық тергеу толық аяқталды. Іс прокуратура органдарына зерттеліп, айыптау актісін жасау үшін берілді. Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығын толық зерттеуде. Соның нәтижесінде істі сотқа жолдау туралы шешім қабылданады. Бірақ нақты күнін айта алмаймын, өйткені заң бойынша мұндай шешімдер әдетте 10 күн ішінде қабылданады. Алайда күрделі немесе көп эпизодты істер болған жағдайда, прокурорға шешім қабылдауға бір айға дейін уақыт беріледі», – деді Шындалиев.

Еске сала кетсек, Шерзат Болатты өлтіру оқиғасы 4 қазанға қараған түні орын алған. Бастапқыда полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамдардың ұсталғанын хабарлағанымен, кейіннен марқұмның ата-анасы барлық кінәлілердің ұсталмағанын мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жасөспірімді өлтіру ісін жеке бақылауына алды. Кейін бұл іс бойынша жеті адамның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. Сондай-ақ 7 қазанда марқұмның туыстары Талғарда наразылыққа шыққаны хабарланды. Осыдан кейін қаза болған жасөспірімнің туыстарының наразылығынан соң қосымша тексеріс басталғаны белгілі болды. 8 қазанда бұл істің жаңа деректері жарияланды.

12 қазанға қараған түні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында жасөспірімнің үйі өртелді. Полиция бұл бойынша қылмыстық іс қозғап, Шерзат Болаттың отбасын қорғауға алды. Сондай-ақ өрт болған кезде отбасының басқа жерде тұрғаны анықталды. Осыған байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасап, тергеуді өз бақылауына алғанын жариялады. Алматы облысының әкімдігі өртенген үйді қалпына келтіруге көмектесуге уәде берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.