
Бүгін, 11 наурызда, Алматыда жалғызбасты психиатриялық пациенттерді ұрлап, олардың пәтерлерін жымқырып келген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты.
Қылмыстық топ ұзақ жылдар бойы психикалық ауытқулары бар адамдарды ұрлап, олардың мүлкін үшінші тұлғаларға заңсыз рәсімдеп отырған. Жылжымайтын мүлік нарықтық бағадан төмен сатылған. Бұл іс бойынша кісі өлтіру және зорлық-зомбылық фактілері де бар.
Сот алдында 22 адам жауап берді. Олардың қатарында учаскелік полиция қызметкерлері, психиатриялық аурухана дәрігерлері, риэлторлар, нотариустар, сот-медициналық сарапшылар және басқалар бар. Сот 37 эпизодты қарады.
Негізгі ұйымдастырушыларға кесілген жаза:
Ирина Гапарова — 18 жыл түрме.
Аширали Болтабоев — 17 жыл.
Әуелхан Сатаев — 16 жыл.
Айыптау тарапы Гапарова мен Сатаевқа 20 жыл, Болтабоеваға 18 жыл сұраған.
Басқа айыпталушыларға кесілген жаза:
Айжан Жүсіпғалиева — 6 жыл түрме.
Майра Оразаева — 10 жыл.
Газиза Ешмұратова — 3 жыл.
Сот-медициналық сарапшы Виталий Колесников — 4 жыл.
Оларға прокурор 4 жылдан 13 жылға дейін жаза сұраған.
Қалған 22 айыпталушының барлығы да түрме жазасын алды. Ең аз жаза — 3 жыл, ең көбі — 18 жыл.
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025