14-03-25 |
1000 рет қаралған
Павлодарда есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды.
Павлодарда есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды

Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды. Бұл туралы ІІМ интернет ресурсы хабарлады.

Үйлестіру кезінде Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны ұсталған.

Ұсталғандардың бірі белсенді екені анықталды, ол «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері өзімен бірге достарына есірткі таратты. Тінту іс шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электрондық таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тартып алынды.

— Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша есірткіні мақсатты дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу, жіберу немесе сату, сондай-ақ заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау үшін, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тасымалдау және жарылғыш құрылғыларды алып жүру бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.