
Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікір білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесі, бұл – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі екенін, бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайтынын атап өтті.
«Бұл туралы жаңа ғана белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев жақсы айтып өтті. Сондай-ақ Құрылтай мүшелері Қайырбек Арыстанбеков, Марат Башимов, Ерлан Саиров, Расул Рысмамбетов және Мұрат Әбенов салық-бюджет мәселесіне қатысты орынды пікір білдірді. Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін адамға түсінікті тілмен жеткізу керек», – деді президент.
-
14.03.2025
-
14.03.2025
-
14.03.2025
-
14.03.2025
-
14.03.2025
-
14.03.2025
-
14.03.2025
-
14.03.2025
-
14.03.2025