18-03-25 |
500 рет қаралған
Елімізде тарихи-мәдени мұра цифрландырылады.
Елімізде тарихи-мәдени мұра цифрландырылады

ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта Министрліктің қолдауымен «Qazaq Culture» ақпараттық-ағарту платформасы жұмыс істейтінін атап өтті. Платформа 8 тілде жұмыс істейді. «Qazaq Culture» платформасы Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады.

«»Qazaq Culture» жобасын кеңейту жөніндегі жұмыстар шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасының цифрланған объектілері, құнды экспонаттары мен сирек кездесетін жәдігерлері бар жеке модуль іске қосылады», — деп түсіндірді Аида Балаева.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.