18-03-25 |
340 рет қаралған
Шымкентте қаржы пирамидасының жұмысы әшкере болды.
Шымкентте қаржы пирамидасының жұмысы әшкере болды

Қаржы мониторинг агенттігі Шымкент қаласындағы «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқандарын мәлімдеді.

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.

Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.

«Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленді», – делінген хабарламада.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.