12-02-19 |
7460 рет қаралған
Бес баланың қазасы: бір шенеунік жұмысынан кетіп, бірнеше шенеунікке қатаң сөгіс жарияланды.
Бес баланың қазасы: бір шенеунік жұмысынан кетіп, бірнеше шенеунікке қатаң сөгіс жарияланды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатты.

«Өрт қауіпсіздігі және оның алдын ала жұмысын тиісінше атқармағаны, бақылау жүргізбегені үшін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильинге сөгіс жариялау туралы ұсынысты президент әкімшілігіне енгізуіңізді тапсырамын», – деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Айтуынша, ішкі істер министрінің орынбасары президенттің өкімімен бекітілген.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге қатаң сөгіс жарияланып, төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Оспанұлы Дұзақбаев қызметінен босатылды.

«Барат Оспанұлы ұзақ жыл бойы Астананың төтенше жағдайлар департаментін басқарған. Соңғы кезде ғана комитетке ауысқан», – деді премьер-министр.

Бұған қоса, астаналық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін ақарушы Марғұлан Топашұлы Аманбаевқа қатаң сөгіс жарияланды. Марғұлан Аманбаев та ұзақ жылдар Астана қаласы департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Дереккөз: sputniknews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.