Қазақстанның иммиджын арттыруға арналған 30-секундтық ролик қазақстандық салық төлеушілерге 72 миллион теңгеге шықты. Алматы облысы туралы ролик BBC World News телеарнасына тапсырыспен жасалған, деп хабарлады «Құқықтық медиа-орталықтың» директоры Диана Окремова.
Holanews ақпарат агенттігінің жазуынша, Алматы облысынң туристік қырын көрсететін ролик, 189 рет BBC World News арнасынан көрсетілген.
https://www.youtube.com/watch?v=9fgmRUbDtdA&feature=player_embedded
Видеоны британдық Dars Films студиясы түсірген. Бұл студияның Қазақстан туралы алғашқы жұмысы емес, бұған дейін елді зерттеген Томас пен Люси Аткинсондар туралы да түсірген, Астана туралы «Еуразия жүрегі» және Алматының мың жылдығына арналған тарихи жоба жасаған.
«Салық төлеуші ретінде мен бұл жұмыстардың бізге беріп жатқан нәтижесін көргім келеді. Сонымен қатар халықтың жағдайы мұндай болып жатқанда үлкен сомманы осындай жобаларға жұмсау ойландыратын сұрақ», – деді Диана Окремова.
Қазіргі уақытта 30-секундтық роликті YouTube әлеуметтік желісінде 142 рет қаралған.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024