Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің дерегінше, былтыры (2018 жыл) Қазақстаннан өзге елдерге 41 894 адам кеткен. Соның ішінде 37 754 адам ТМД елдеріне, 4 140 өзге елдерге кеткен. Елден кетушілердің саны 2017 жылмен салыстырғанда 11% өскен. Сөйтіп, соңғы он жылда Қазақстаннан 321 064 адам шетелдерге кеткен екен. Ал он жылда елге 71 579 адам келген. Осылайша, елге келгендердің санынан кеткендердің саны артып отыр.
Жылдар бойынша Қазақстаннан кеткен адамдардың саны:
Елден кеткендердің 72,4% орыстар, 7,4% немістер, 6,6% украиндер, 4,5% қазақтар. Десе де елге қоныс аударушылардың да саны 2017 жылмен салыстырғанда 20,5% азайған. Қазақстанға келгендердің 53% қазақтар, 23,1% – орыстар, 2,9% – украиндер, 2,7% – өзбектер.
Жылдар бойынша Қазақстанға келгендердің саны және көші-қон сальдосы:
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024