28-02-19 |
3120 рет қаралған
Биыл қанша адамдың ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылады?.
Биыл қанша адамдың ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылады?

2019 жылғы 1 ақпанда банктер 161,1 млрд теңгеге 26 021 қарызды қайта қаржыландыруға мақұлдады, сондай-ақ 141,1 млрд теңгеге 24 195 қарыз қайта қаржыландырылды, -деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкі.

«2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген және жалғыз тұрғын үймен
қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында 130 млрд теңге
бөлінді»- деп жазылған хабарламада.

Мұндай бағдарламаға енген азаматтардың несиелерінің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3%-дан аспайтындай, қарыздары қайта қаржыландырылады.
Қарыз алушының сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін банктер кешіріп, қарыз алушының берешегі 40-50%-ға төмендейді. Ал 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен ипотекалық қарыз алғандарды Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландырмақ.

Толығырақ Қазақстан Ұлттық банкінің төмендегі ақпаратнан оқи аласыз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2019 жылғы 27 ақпан
Қазақстан Ұлттық Банкінің проблемалық ипотекалық қарыз алушыларды қолдау
бойынша жүргізіп отырған жұмысы туралы
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі 2015 жылдан
бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда. Бұл
Бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 300 млрд теңгеден астам бөлді, бұл
ретте банктер 180 млрд теңгеден астам сомаға қарыз алушылардың сыйақы, комиссия,
тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін кешіретін болады.
2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген және жалғыз тұрғын үймен
қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында 130 млрд теңге
бөлінді.
Қарыз алушылардың борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында Бағдарламада
сыйақы мөлшерлемесі бойынша жылдық 3%-дан аспайтын капиталдандырылған
сомаларды қоспағанда, қарыз бойынша негізгі борышты қайта қаржыландыру көзделеді.
Қарыз алушының сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін банктер
кешіруге тиіс.
Қарызды қайта қаржыландыру нәтижесінде қарыз алушының борышы 40%-50%-ға
төмендейді.
Қарыз алушылардың халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын, сот
шешімдері бар қарыздары бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік баж бойынша
берешекті, сондай-ақ проблемалық валюталық қарыздар бойынша бағамдық айырманы
15 млрд теңгеден астам сомаға өтеді.
2019 жылғы 1 ақпанда банктер Бағдарлама шеңберінде 161,1 млрд теңге сомаға
26 021 қарызды қайта қаржыландыруға мақұлдады, 141,1 млрд теңге сомаға 24 195 қарыз
қайта қаржыландырылды.
Ақша игерудің револьверлік тетігін ескере отырып, 2026 жылға дейін республика
бойынша қайта қаржыландырылған қарыздардың саны шамамен 40 мың болуы мүмкін.
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен ипотекалық қарыз алған қарыз
алушыларды қолдау валюталық қарыздарды Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы
бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды
көздейді. Бүгінгі күні бағам бір АҚШ доллары үшін 378,04 теңгені құрайды.
Бағамдық айырма сомасы (шамамен 156 млрд теңге) банктерге Ұлттық Банктің
меншікті қаражаты есебінен қайтарымды негізде өтеледі.
Қарыз бойынша негізгі борыш қалдығы қайта қаржыландыруға жатады. Банктер
қарыз алушылардың 136 млрд теңгеден астам сомаға сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық
айыбы бойынша берешегін кешіреді.
Қайта қаржыландырылатын қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12%-
ды (халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – жылдық 3%) құрайды. Егер қолданыстағы
сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12%-дан аз болса, қарызды қайта қаржыландыру кезінде
сыйақы мөлшерлемесі ұлғайтылмайды. Бүгінгі күні ипотекалық қарыздар бойынша
орташа нарықтық мөлшерлеме жылдық 12% -14% аралығын құрайтынын назарда ұстау
үшін хабарлаймыз.
Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру қарыз алушының борыштық
жүктемесін екі және одан да көп есе төмендетуге мүмкіндік береді.
2019 жылғы 1 ақпанда банктер 53,6 млрд теңге сомаға 6 361 валюталық
ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға мақұлдады, 38,6 млрд теңге сомаға 4 917
қарыз қайта қаржыландырылды.
Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15
шілдеде аяқталады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Банкі мүлкі банктердің балансында тұрған
ипотекалық қарыз алушыларды және қарыздары Бағдарлама шеңберінде қайта
қаржыландырылған, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын ипотекалық қарыз
алушыларды қолдау мәселесін пысықтауда.
Тұрғын үйді жалға беру талаптарын және халықтың әлеуметтік осал топтарына
жататын қарыз алушыларды қосымша қолдау тетігін әзірлеу үшін құрамына мүдделі
мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың өкілдерін, екінші деңгейдегі банктердің
өкілдерін және қоғамдық бірлестіктердің басшыларын енгізе отырып жұмыс тобы
құрылды. Жұмыс тобы азаматтардың осы санаттарына көмек көрсетудің негізгі
талаптарын әзірлегеннен кейін Бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдауына жүгінген
азаматтарға кеңес береді және құқықтық көмек көрсетеді, қарыз алушылардың
қарыздарды қайта құрылымдау талаптарын әзірлеу үшін банктер мен ипотекалық
ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізеді.
Осылайша, мемлекет ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсету бойынша жанжақты шаралар қабылдауда және жекелеген дереккөздердің қарыздарды есептен
шығару туралы ақпараты шындыққа сәйкес келмейді.
Ұлттық Банк қарыз алушылардың мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктермен
Бағдарламаның іске асырылуын жақсартатын шаралар бойынша белсенді іс-әрекет етуге
дайын және Ұлттық Банк қызметінің негізгі бағыттары әрі оның бастамалары туралы
халыққа тұрақты түрде хабарлап отыру дәстүрін одан әрі жалғастырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.