Бұрын Bank RBK-ның директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған Жомарт Ертаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды деп хабарлайды Қазастанның Бас проуратурасы ресми сайтында.
Прокуратураның мәлімдеуінше: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады.
Оған өткен жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланды.
Ж. Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдік келтірілді.
Сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен банктің қатардағы жұмысшылары – бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріповтер күдіктілердің ішінде.
Тергеу барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.
Ж. Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды» деп хабарлайды ҚР Бас проуротура.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024