Үкімге сай, парламенттің бірлескен отырысы 20 наурыз Астана уақыты бойынша 12.00-де өтеді.
19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, биліктен кететінін жариялады.
Қазақстанды 30 жыл басқарған 79 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде «Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл - оңай шешім емес» деді.
Назарбаев «сайлау кезінде сенген, дауыс берген» халыққа алғыс айтты. Ол «Нұр Отан» партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді.
Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Ол 20 наурызда ант қабылдайды.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024