– Алдымен сөз бастамас бұрын, реплика айтайын деп едім. Рысбек аға сөзінің арасында «Қытай 1 миллион гектар жер сұрады» деген сөз айтты. Сұраған жоқ, біздің басшылар барып: «Бізден алыңдар», – деді. Оны Қытайға барып, өз құлағыммен естіп, көзіммен көріп келдім.
Біріншіден, бүгінгі әңгіменің өзегі сенімсіздіктен туған: халықтың арасындағы билікке деген сенімсіздіктің нақты көрсеткіші. Жиынға келіп отырған депутаттарға, Ерлан інімізге (Нысанбаев – Ред.) үлкен рахмет, мүмкін, сенім осыдан басталатын шығар. Екімыңыншы жылдары осындай көптеген отырыстар болды,оның нәтижесі де болды, сондықтан сенім бар жерде бүгінгідей айғай-ұйғай болмайтын шығар.
Екіншіден, мораторий не үшін жарияланды? Мораторий заңды өзгертуге, қабылдауға жарияланған жоқ, заңды қолдануға жарияланды. Сонда біз бес жылдың ішінде нені күтіп отырмыз?Президент айтты ғой: мүмкін, екі немесе бір жарым жылдың ішінде мораториий тоқтатылады деп. Мүмкін, жаңадан заң қабылданатын шығар.
Біз қай жақтан бір адам келеді деп күтіп отырмыз. Бізге не бөгет болып отыр? Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мүмкіндік берілді екен, неге біз сонда мораторий жариялаған баптардың бәрін өзгертпейміз? Бес жыл бойы құр отырып, бес жыл біткеннен кейін өзгертеміз дейміз бе?!Бұл сұрақ, менің ойымша, ең маңызды мәселе. Егер заңды өзгерту туралы мәселе туындап отырса, неге бес жыл бойы күтуіміз керек? Осы мәселе мен үшін түсініксіз.
Үшінші мәселе – заңдарға қатысты депутаттарға айтарым: біздің заңымыз Қытайдың иероглифтері сияқты, заңымызды түсіндіру үшін, тағы бес институт, 500 заңгер керек. Кез келген заңды қарап шықсаңыз, «егер Қазақстанның басқа заңдарында көзделмесе» деген сыңайда жазылған сөйлемдерді кезіктіруге болады. Сонда біз оның көзделген-көзделмегенін білу үшін, үш жүз заңды қарап шығуымыз керек пе? Заң нақты болуы керек. АҚШ Конституциясын қарап көріңіздерші: әрбір мәселе нақты, кез келген шопыр, кез келген бұрғышы, шопан заңды оқып, дұрыс-бұрыс дей алады. Ал біздің заңымыз шимай-шимай бір бәле. Мүмкін, кеңес өкіметінен қалған дүние шығар, кім білсін?
Біз енді мұны өзгертейік. Қазақтың тамаша нақты сөздерімен заң жазған уақытта ең болмаса екі-ақ нәрсе ғой жазылатын: жер ешкімге сатылмайды. Ауыл шаруашылық жері ешкімге сатылмайды дегенді қосып қойыңдар. Екіншісі – жер шетелдік компанияларға берілмейді. Болды осымен, сосын осы екі норманы халыққа көрсетіңдер.
Жұмысшы тобына рахмет айтамын. Шындығында, осы жерде көтерілген мәселенің бәрі Жер комиссиясында көтерілді. Бұрын осы мәселе көтерілмеген еді. Сол жерде халықтың айтқан талабының бәрін осы кісілер жазып отырды, дайындап, жұмысшы тобын құрды. Келіп-кетуге қаржы болмағандықтан, келе алмадым. Бірақзаң толық болуы керек, толық баға берілуі керек.Жаңағы халықтың көтеріліп, көшеге шыққан екі негізгі мәселесі шешілмей тұрған уақытта бұл заңға мен баға бере алмаймын: денесі бар, басы жоқ, жүрегі мен жаны жоқ. Сондықтан осы мәселе шешілсе, жайылымдық жер, шекара аймақтарындағы мәселе, жерді бөлу кезіндегі оның ашықтығы мен жариялылығы – мұның бәрі кірген, тамаша. Жүз пайыз қолдау мүмкін емес. Заң әркімге бірдей тең келмейді.
Бірақ егер заң толық болмаса, бұл айқай, сенімсіздік әлі күнге дейін қалады. Бір ғана үмітім бар: Құдайға шүкір, Қазақстанда көше бар, 70 пайыздан асатын қазақ бар…»
Дереккөз: Мұхтар Тайжанның facebook парақшасы
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024