15-04-19 |
3760 рет қаралған
Ақтауда президент Қ.Тоқаев бейнеленген билбордтарды ауыстырып тастады.
Ақтауда президент Қ.Тоқаев бейнеленген билбордтарды ауыстырып тастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапары барысында оның суреттері бейнеленген билбордттар ілінгені мәлім болып, жергілікті биліктің бұл әрекетін президент сынаған еді.

«Ақтау менің суретім бейнеленген оншақты билборд ілінгенін айтты. Бұл орынсыз нәрсе. Мен насихаттың мұндай түріне зәру емеспін» деген еді. Президенттің бұл сөзін Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі парақшасына жариялаған.

13-сәуірде Ақтаудағы Қ.Тоқаев бейнеленген билбордтардың ауыстырылғаны белгілі болды. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Жергілікті ақпараттық сайт президенттің сапарына дейінгі және одан кейінгі билбордтардың суретін де жариялаған.



БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.