23-04-19 |
1400 рет қаралған
«Нұр Отан» партиясы кезектен тыс президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
«Нұр Отан» партиясы кезектен тыс президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын  ұсынды

«NurOtan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің кандидатурасын кезектен тыс президент сайлауына партия атынан үміткер ретінде ұсыну туралы «NurOtan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде айтты.

» «NurOtan» партиясының төрағасы ретінде мен Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну мәселесін съездің қарауына енгіземін. Онымен көп жылдар бойы бірге жұмыс істегендіктен қазіргі уақытта елдегі осы лауазымға лайықты үміткер деп санаймын. Тоқаев тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап менімен қатар әр түрлі аймақтарда жұмыс істеді. Ол менімен бірге Қазақстанның сыртқы саясатын құруды бастаған, көптеген жылдар бойы Сыртқы істер министрлігін басқарған адамдардың бірі. Оның дипломатиялық дәрежесі шетелде жоғары бағаланады. Сіздер білесіздер, ол БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болды және өте тәжірибелі мемлекеттік саясаткер», -деді Н. Назарбаев.

Еске салсақ, 9 маусымда елде президенттік сайлау өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау әділ өтетіндігіне уәде берген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.