29-04-19 |
1810 рет қаралған
Украина: мемлекеттік тіл заңының орындалуын тіл инспекторлары қадағалайды.
Украина: мемлекеттік тіл заңының орындалуын тіл инспекторлары қадағалайды

Украинаның жоғарғы рада депутаттары «Украин тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметіне қамтамасыз ету» туралы заңын қабылдады.

Заң бойынша, украин тілі мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару орындарында, жоғарғы оқу орындарында, ауруханаларда, көпшілік мәдени іс-шараларда және қызмет көрсету саласында міндетті тіл болды. Мемлекеттік тілді елдің басшылары ғана емес, ауыл басшылары, ғалымдар да білуге міндеттелді.

Ал мемлекеттік тіл туралы заңның орындалуын және тілді ашық қорлау әрекеттерін тіл инспекторлары қатаң бақылайды. Олар – тіл инспекторлары кез келген мемлекеттік органнан,қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялардан құжаттар талап етіп, тіл заңын сақтамаған жағдайда айыппұл сала алады. Оның үстіне заң бойынша екі тілділікті және көптілділікті енгізу әрекеттері елдің конституциялық құрылымын бұзуға әрекеттену саналып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілу көзделген.


БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.