04-05-19 |
1480 рет қаралған
Балаларға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды.
Балаларға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шығарылды, – деп хабарлады Tengrinews.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, бұл оқиға 2 мамырда № 37 балабақшада болған. Тәрбиеші І кіші топтағы 2 жасар баланы ұрып жіберген. Баласының денесі көгергенін байқаған анасы балабақша басшылығына хабарласқан. Онда камерадағы жазбалар көрсетіліп, бұл дерек расталған.

«Тәрбиеші 3 мамырда жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне балабақшадағы бақылаудың нашарлағаны үшін сөгіс жарияланды. Алматы қалалық білім басқармасы мекеменің жұмысын қатаң бақылауға алды», – деп хабарлады БҒМ өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Желіде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видеоның таралғаны хабарланған болатын. Онда тәрбиешінің баланың қасына барып, өзіне қарай итеріп, басқа бөлмеге алып бара жатқаны көрінеді. Кейінірек ол бөлмеге тағы бір баланы алып кеткені көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.