03-08-20 | 13:30
А.Цой: Пандемияға қатысты жағдай тұрақталып келеді.
А.Цой: Пандемияға қатысты жағдай тұрақталып келеді

Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирус финфекциясының таралуына қатысты жағдай біршама жақсарғанын айтып отыр.

“Соңғы тәулікте 672 адамның жағдайы жақсарды, мұндай жағымды көрсеткіштер баяу болса да өсіп келеді”, – деді ол.

Облыстарға қарастырсақ Батыс, Алматы, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстарында біршама жақсарған.

“Осылайша біз Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы біршама тұрақтанды деп сенімді айта алмыз. Өздеріңіз де көріп отырған шығарсыздар. Шарықтау шегі өтіп кетті, ендігі мақсат халқымызға, денсаулық сақтау жүйесіне өте ауыр сынақ арқылы келген осы жағдайды ұстап тұру”, – деді министр өз сөзінде.

3 тамыздағы  ресми мәлімет бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 92 662 құрады, 62511 адам жазылып, 793 кісі науқастанып, жан тапсырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.