08-10-19 | 17:34
АҚШ Қытайдың 28 компанияcына санкция салды.
АҚШ Қытайдың 28 компанияcына санкция салды

7 қазанда АҚШ-тың сауда министрлігі 28 компаниясына санция салғанын хабарлады. Сауда министрлігі таратқан мәлімдеме 28 үкіметтік және коммерциялық ұйым “Ұйғырлар мен қазақтарды және де мұсылман азшылықтарын жаппай ұстауға, репрессия науқанына атсалысқан әрі оларды жоғары технология арқылы аңдыған” делінген.

АҚШ сауда министрі Уилбур Росс “АҚШ үкіметі мен сауда министрлігі Қытайдағы ұлттық азшылықтың  басып жаншылуына төзбейді. Бұл қадам адал бәсеке мен еркін кәсіпкерлік жағдайында жасалған технологияларымыздың қорғансыз азшылықты басып жаншуға қолданылмайтынына кепілдік береді” деген.

АҚШ-тың санкциясына Қытай тарапы негізсіз деп жауап қатты. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Гэн Шуан “Адам құқығы” делінетін проблема жоқ. Бұл айыптау АҚШ-тың Қытайдың ішкі ісіне араласқанына ақталуы” депті.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы қызып тұрған шақта Қытай компанияларына кезекті санкциялардың салынуын сарапшылар Қытайдағы жаңа технологиялардың дамуын уақытша тежеуі мүмкін деп болжайды.

Қытайдың оқыту лагерлерінде ағайын-туыстары барын айтып, соңғы бірер жылдың көлемінде Қазақстанда көптеген адам биліктен және халықаралық ұйымдардан араша сұраған. Әуелде Қазақстан оны “Қытайдың ішкі ісі” деп кейіннен қоғам тарапынан қысым күшейген соң “дипломатиялық жолмен” шешіліп жатқанын хабарлап, қанша адамның елге қайтарылғанын да жария еткен. Осы айдың басында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді “Шыңжаңдағы лагерьде қазір қазақтар жоқ” деп мәлімдеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.