14-01-20 | 22:42
Ақтөбеде құлаған Ресей зымыранының сынықтары қауіпсіз – қорғаныс министрлігі.
Ақтөбеде құлаған Ресей зымыранының сынықтары қауіпсіз – қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысының Байғанин ауданы аумағына құлаған Ресей зымыраны сынықтарының аймақ тұрғындарына және экологияға қауіп төндірмейтінін хабарлады.

Министрліктің ақпаратына қарағанда, зымыран сынықтары құлауының себебін табу үшін жұмыс істеп жатқан Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының алдын ала мәліметі жоғарыдағы мәліметке негіз болған.

Ақтөбеде құлаған зымыран сынықтары атмосфераның жоғарғы қабаттарын зерттеуге арналған геофизикалық зымыранның бөлшектері екені анықталған.

Сондай-ақ министрлік Ресей БАҚ-да жарияланғандай құлаған зымыран сынықтары “Искандер-М” зымыранына тиесілі деген ақпараттың негізсіз екенін де хабарлады.

Ресей Қазақстан территориясында 1995 жылғы мемлекетаралық келісімшартқа сәйкес, бірнеше әскери полигонды жалға алып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk