11-01-20 | 22:42
Ақтөбеде құлаған зымыран сынығы Ресейдікі – министрлік.
Ақтөбеде құлаған зымыран сынығы Ресейдікі – министрлік

фото:  kazweek.kz

Ақтөбе облысы аумағында зымыран сынығы құлағаны туралы хабар тараған еді. Оқиғаға байланысты 11 қаңтарда қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратты. 

Министрлік құлаған зымыран сынығы Ресейдің Ақтөбе облысы аумағынан жалға алып отырған әскери полигонында кезінде оқу-жаттығу кезінде болғанын айтады.

“РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары уақытында бір зымыранның сынығы белгіленген орындардан тыс жерге құлауы орын алды. Жарылыс болған жоқ. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Тұрғындар үшін жағдай қауіпті емес” делінген қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

Полиция зымыран сынығы құлаған аумақты оқшаулаған. Оқиғаға қатысты екі елдің бірлескен комиссия жұмыс істемек.

9 қаңтарда Ақтөбе уақытымен 14:30 шамасында Байғанин ауданының Ноғайты және Ебейті ауылдарына жақын маңда белгісіз темір зат құлағаны туралы ақпарат тараған еді.

Ресей Ақтөбе облысы аумағындағы әскери полигонды 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес жалға алып отыр. Әскери полигон Ресей қорғаныс министрлігіне қарайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.