10-10-19 | 17:18
Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына ескерткіш ашылды (видео).
Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына ескерткіш ашылды (видео)

Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласында жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлына ескерткіш ашылды. Ескерткіш Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайының алдына қойылған. Жаңа ашылған мұражай Ә.Кекілбайұлының атымен аталады.

Маңғыстау облысына ресми сапармен барған президент Қ.Тоқаев жазушы ескерткішінің ашылуына қатысып сөз сөйледі және өлкетану мұражайын аралап көрді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Әрі ескерткіштің ашылу салтанатын фейсбук парақшасында тікелей эфирден көрсетті.

Биыл Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.