30-10-19 | 16:57
Абайдың 175 жылдығы қалай тойланатыны белгілі болды.
Абайдың 175 жылдығы қалай тойланатыны белгілі болды

Бүгін мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың басқаруымен Абайдың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығын тойлау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста Қырымбек Көшербаев: “Біз осы ұлы тұлғалар арқылы әлемге қазақ даласында бағзы заманнан ғылым мен мәдениет, білім мен әдебиет дамығанын көрсетеміз. Бұл біз үшін өтпелі нәрсе емес, жауапкершілік” деді.

Абайдың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығын тойлау жөніндегі мемлекеттік комиссия түскен ұсыныстарды мұқия қарай келе, жалпы республикалық жоспарды бекітті. Бекітілген жоспар бойынша, Абайдың 175 жылдығын тойлау 80 пункттен тұрады. Оның ішінде халықаралық, республикалық маңызы бар іс-шаралар, мәдени ағарту істері және медиажобалар бар. Ал Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығын тойлауда ұлы ғалымның мұраларын зерттеу, түсіну ісі бойынша елуге тарта іс-шара өткізілмек.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.