Әбілқайыр Сқақов Павлодардың атын өзгерткісі келмейді.
Әбілқайыр Сқақов Павлодардың атын өзгерткісі келмейді

Павлодар облысының су жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов (суретте) Павлодар атауын өзгерткісі келмейді екен. Әкім журналисттермен кездесуде: “Қала атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Қала атауын өзгерткеннен барлық мәселе бір сәтте шешіле қалмайды. Құжаттарды өзгерту, тақтайшаларды өзгерту секілді толып жатқан шығын бар. Және кәсіпкерлік пен мемлекеттік мекемелердің өте үлкен жұмысын талап етеді. Бұл – мәселенің бір жағы. Екіншіден, қаланың пайда болу тарихы, тарихи мәдениеті  сынды дүниелер бар. Меніңше, бұл мәселені біз қазір бірінші орынға шығармауымыз керек. Бұл менің пікірім”, – депті.

Ал, ендеше! Сқақовтың “өз пікірім” деп отырғаны рас та шығар. Бірақ ұзақ жылдан бері сөз болып келе жатқан Павлодар атауын өзгертуге қатысты жаңа әкім президент әкімшілігімен ақылдаспай ештеңе айтпайды деп ойлаймыз. Өйткені солтүстіктегі екі облыстың атауын өзгерту мәселесінде Қазақстан билігі Кремльдің қас-қабағына қарайды. Ресейді ренжітіп аламыз деген қорқыныш пен үрейден батыл қадамға бара алмай келеді. Ал Сқақовқа келер болсақ, осыған дейінгі қызмет жолы салық саласында болғандықтан идеология дейтін нәрсенің мемлекет үшін, әсіресе, шекарадағы аймақтар үшін аса маңызды әрі үнемі назарда тұруы тиіс нәрсе екенін білмесе керек…

 

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.