16-09-20 | 11:08
Абэ өз командасымен отставкаға кетті.
Абэ өз командасымен отставкаға кетті

Жапония үкіметін ең ұзақ уақыт басқарған Синдзо Абэ мен оның кабинеті толық құрамда отставкаға кетті. 65 жастағы премьер-министр ел экономикасын дамыту мен ұлттың мүддесі үшін барынша қызмет еткенін айтты. Бұл жайында Жапония үкіметінің кеңсесі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің басында Синдзо Абэ созылмалы дерт салдарынан қызметтен кететінін мәлімдеген еді. Премьер-министрдің мұндай шешім қабылдауына созылмалы ойық жаралы колит диагнозы түрткі болған.
Синдзо Абэ Жапонияның министрлер кабинетін басқаруға алғаш рет 2006 жылдың қыркүйегінде келді. Алайда, бір жылдан соң денсаулығына байланысты қызметтен кетті. 2012 жылдың желтоқсанында ол үкімет басшылығына қайта сайланып, оны 8 жыл басқарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.