arasha.kz

Ақмола облысында бірден 19 адамнан коронавирус анықталды

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы облыста анықталған 19 жағдай туралы хабарлады.

Өңірде вирусты жұқтырған жалпы 42 адам тіркелген.

Қауіпті инфекция 2 сәуірде қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғыны, 1947 жылы туған ер адаммен байланыста болған 19 ақмолалықтың ағзасынан бірден анықталды.

Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта диагнозы расталған барлық азаматтар Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығына және Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылуда. Емделушінің ең үлкені 1933 жылы туған, ең жасы ‒ 1984 жылғы.

Осылайша, 35 адам Целиноград ауданында, 3-еуі Аршалы ауданында, 3-еуі Нұр-Сұлтан қаласында және 1-уі Көкшетау қаласында тіркелді.

Бүгінде облыстың стационарларында 423 емделуші бар;
Жұқпалы аурулар стационарларында — 19 емделуші + Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 2;
Провизорлық стационарларда — 90 емделуші;
Карантиндік стационарларда (бақылауда) — 312 адам;
Үй карантинінде — 737 адам.

Exit mobile version