02-04-19 |
1810 рет қаралған
Көкшетауда 6 үй, 12 ауланы су басты (видео).
Көкшетауда 6 үй, 12 ауланы су басты (видео)

Көкшетаудаеріген қардан аққан судың алдарынан 6 үй мен 12 ауланы су басып қалды.

Су басып жатқан жерлерді видеоға түсірген көкшетаулықтар әлеуметтік желі арқылы жағдайларын көрсетті.

Ақмола облысының ТЖ департаментінің мәліметтері бойынша, Қылшықты өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, арнасынан тасып кеткен. Соның салдарынан қаладағы алты үй мен он екі ауланы су басып қалған. Мамандар 1000 текше метр су сорып, 80 тонна инертті материал шашып, 150 қап төсеген.

«14 сағат 10 минутта Көкшетау қаласы 8 март көшесі бойынша №1/1 үйден су толық көлемде сорылды.

Қазіргі уақытта ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен полиция жеке құрамының 45 адамы мен 18 техникасы су астында қалған 4 үй мен 14 аула маңынында жою бойынша жұмыстарға жұмылдырылды» деп хабарлайды депортамент.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.