arasha.kz

Ақтөбедегі зауыт жұмысшылары: Үйге қалай барамыз? Аштық жариялаймыз!

фото: mgorod.kz

фото: mgorod.kz

Ақтөбеде газобетон шығаратын зауыттың жұмысшысы жаппай жұмыстан шығаруға қарсылық ретінде аштық жариялауға дейін барамыз деп бекініп отыр, деп хабарлайды Мой город сайты.

«Аштық жариялймыз! Басқа не істейміз? Үйге қалай барамыз? Отбасымызға не дейміз? Не жейміз? Балалар да, өзіміз де несие бар», – депті ТД «Фатон» ЖШС-ның жұмысшысы Дмитрий Девицын.

Осыдан бірнеше күн бұрын 75 жұмысшыға алдағы уақытта жұмыстан босатылатындары жөнінде қағаз берілген екен.

Зауыт басшысының сөзіне қарағанда, жұмысшыларды жұмыстан шығаруға амалсыздан барып отырған көрінеді. Өйткені зауыт жабылудың аз-ақ алдында тұр екен. Себебі, зауытқа шикізат әкелетін теміржолдан вагондарды теміржол иесі өткізбей отыр-мыс.

«Қолданыста келісімшарт бар. Алдын ала төлем де бар және келісімге қол қойылған. Не себепті вагондарды жібермей отырғанын білмейміз» депті «ТД Фатон» ЖШС-ның құрылтайшысы Александр Лукиенко.

Exit mobile version