Ақтөбе облысының әкімшілігі баскетбол командасы үшін бюджеттен 33 миллион теңге жұмсамақ.
Хабарлама мемлекеттік сатып алу порталына шықты.
Тапсырыс беруші: «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы».
Лоттың атауы: Спорттық клубтардың қызмет көрсетулері.
Сатып алынатын қызмет түрі: «Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы баскетболдан Қазақстан Республикасының XXVIII Чемпионатына қатысу үшін ұлттық баскетбол құрамасының мүшелерін дайындау және қатысу бойынша қызметтер» деп көрсетілген.
Жоспарланған қаражат: 33 482 142 теңге.