arasha.kz

«Ақтөбеде біз тек қана қазақ тілінде сөйлейміз»: Ералы Тоғжанов орысша біледі екен…

Жақында ғана Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановқа қатысты бір шу басылған еді.
Онда журналист Асхат Ниязовқа орыс тілінде сұқбат беруден бас тартқан әкім, желі қолданушыларының біразын сүйсінткен болатын. Десе де, Ералы Тоғжановтың ер мінезіне сүйсінгендердің арасында «бұл кезекті хайп екенін» айтқандар да болған. Олар шатаспаған екен. Жақында Ақтөбедегі бір мекеменің ашылу салтанатына қатысқан Ералы Ұлықпанұлы, өз сөзінен өзі жаңылып, орыс тілінде сөйлеп тұр.

Мұның алдында Асхат Ниязовпен кездесуде Ералы Тоғжановтың журналиске «Мен саған тағы қайталап айтамын. Ақтөбеде біз тек қана қазақ тілінде сөйлейміз. Қазақтың азаматтарымен қазақ тілінде сөйлесеміз. Жүрегіңмен, ниетіңмен қазақ тіліне бұрылсайшы, бауырым» – дегені ыңғайсыз сұрақтардан жалтарудың оңтайлы әдісі үшін қолданылған, жай сөз болып қалғандай.

Exit mobile version