arasha.kz

Ақтөбеде газ құю бекеті өртеніп кетті

Ақтөбе облысының Алға ауданында газ құю бекеті жарылылып, өртеніп кеткен. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Төтенше жағдайлар департаментінде жарылыс туралы ақпарат 17 шілдеде 18:50 шамасында келіп түскененін айтты.

«Алғадағы Абай көшесінде орналасқан «ЛиманГаз» газ құю бекетіндегі көлемі 46 текше метр болатын цистернаның екі рет жарылғаны туралы хабарланды. Оқиға орнына 7 өрт сөндіру көлігі мен 26 қызметкер жедел аттанды. Өрт салдарынан «Тойота Камри» көлігі, тиегіш көлік жанып, бекеттің 22 шаршы метр болатын әкімшілік ғимараты жойылды», – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері бекеттің үш қызметкері өз беттерінше ғимараттан шыға алғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Өрт 19:44-те ауыздықталып, 20:02-де толығымен сөндірілді. Қазір себебі анықталып жатыр. 

Exit mobile version