Ақтөбе қаласының №2 соты ПТР тестінің жалған анықтамасын жасап сатқан жеке клиника дәрігері мен оның жұбайы айыппұл төлейтін болды.
Сотта ақтөбелік дәрігер мен оның жұбайы кінәлі деп танылып, әр қайсысы 200 айылық есептік көрсеткіш мөлшерінде (555 600 теңге) айыппұл төлеу міндеттелді.
Сот Т.Кундолов әйелі Ж.Маханова медициналық орталықтың дәрігері екенін пайдаланып, одан ақшаға нәтижесі оң ПТР тестінің анықтамасын жасап беруді сұрағанын анықтады. Маханова онымен келіскен.
Олар сотта өз кінәларын мойындады. Мемлекеттік айыптаушы оларға бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот айыпталушылардың кінәсін мойындағанын, кәмелетке толмаған үш баласы барын ескеріп, әр қайсына 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындады.