25 желтоқсанда Алматы облысы Ақсу аудандық сотында «қытай жұмысшыларымен төбелесті» делінген Қызылағаштың бес тұрғынына үкім оқылды, – деп жазады Азаттық.
Сот Берік Рысалдинов пен Сарқыт Салхановтың әрқайсысының бас бостандығын екі жыл алты айға шектеді. Қалған үш азамат: Нұрбол Мұхаметалин, Бейбіт Мұхаметалин және Еркін Салхановтың бас бостандығы екі жылға шектелді. Сот сонымен бірге бес азаматтың әрқайсысын 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді. Бұған қоса, олар 72 мың теңге көлемінде сот шығынын өтеуге, жәбірленуші жақтың шығынын өтеу үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 37 мың теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл ақпаратты олардың адвокаты Жанар Балғабаева хабарлаған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024