arasha.kz

Алакөлге апаратын жолдарға блок-бекеттер қойылады

Фото: baq.kz

Үшарал қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Әбікенов Алакөлде демалу ережелеріне қатысты қаулы қабылдады.  24 шілдеде өз күшіне енген қаулыға байланысты енді Алакөлге апаратын жолдарға блок-бекеттер қойылып, көлдің жабдықталмаған жағажайларына демалуға тыйым салады. 

«Туристік орталықтардан, демалыс үйлерінен, курорттық санаториден алдын ала орын брондаған азаматтардан басқа адамдарды Алакөл көлінің жабдықталмаған жағажайларына өздігінен жүруге тыйым салынады», деп жазылған қаулыда.

 Ал көлдің Шығыс Қазақстан облысы жағындағы жағажйларына демалуға толықтай тыйым салынған.

Exit mobile version