arasha.kz

Алматы әкімдігі шетелдік 40 блогерді қонақ қылу үшін 26 миллион теңге бөлді

Алматы әкімдігі шетелдік 40 блогерді қонаққа шақырды. Олардың қаладағы бес жұлдызды қонақ үйде тұруы мен жол шығындарына 26 миллион теңге жұмсау жоспарланған. 

 

Бұл туралы мемлекеттік сатып алу сайтында хабарланды. Белгілі болғандай, блог тур екіге бөлініп, бес күнге созылады. Әрбір турға Ресей, Грузия, Армения, Беларусь, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан адамдар келеді.

Оның өту уақыты биыл үшінші және төртінші тоқсанына жоспарланған. Оған 20 адамнан қатысады.

Қазақстан өз кезегінде блогерлерге елге келу және қайтуға ұшақ билеттерін алуға, виза ресімдеуге көмектеседі.

Деректерге сүйенсек, блогерлер түрлі жерлерге саяхаттайды. Соның ішінде: Алматыны шолу экскурсиясы, қазақ халық музыкалық аспаптар мұражайына, Алматы мұражайына және «Ғұндар» немесе «Номад» этно-ауылдары бар.

Сондай-ақ, қонақтар 28 Панфиловшылар саябағын, «Көк Төбе», «Көк базар» және «Сұңқар» тәлімбағын көреді. Сонымен бірге, бағдарламада «Ой-Қарағай Лесная сказка» курортына, Arba Wine жүзімдіктеріне, Шарын шатқалына, Медеу, Шымбұлақ және Көлсайға барады деп жоспарланған.

Одан бөлек, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша мастер-класстан өтіп, ұлттық костюмдерде фотоға түседі.

Іс-шара бойы блогерлер күніне үш рет тамақтанып, Алматыдағы төрт, бес жұлдызды бір бөлмеде тұрады.

 

Айта кетейік, әкімдік аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Бұл елдер саяхаттау үшін жаңа орындар іздейтін төлемге қабілетті аудитория болғандықтан, екіншіден, Алматыға тікелей рейстер болғандықтан таңдалды. Блог-тур бағдарламасы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін ашатын танымал табиғи және қалалық көрікті жерлерді қамтиды”, – деді әкімдікте.

Exit mobile version