29-08-19 |
2230 рет қаралған
Алматы облысы мектептері қағазға жарымай отыр ма?.
Алматы облысы мектептері қағазға жарымай отыр ма?

Алматы облысының Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы мектеп оқушылардың ата-аналарына әр балаға бір-бір бумадан A4 қағаз әкелуін сұраған. Бұл туралы журналист Нұрғали Нұртай әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мектеп әрекетінің қаншалықты заңды екенін айтып, сұрау салған.

«Ылғи да «Министр бұйрығымен мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітілгенін» айтады. Алайда оқушыларға материалдық түрде түрлі нәрселерді міндеттеу ақша жинаудың «шапаны теріс» түрі емес пе?
Әлде қағаз сұратудың түсінікті бір себебі бар да, мен білмей отырмын ба?
Осындай мәселелерге де тиісті тапсырмалар беріп, жайылған дастарханға «алданып қалмайтын» комиссияларды жиі құрса деймін.
A4 қағаздың бір бумасы ары кетсе мың теңге тұрар. Бірақ, мектеп мың баладан жинап алса миллион теңгелік материалдық «парақорлық» жасады деген сөз. 5-6 баласы оқитын отбасына бұл ауыр тиеді. Мүмкін мұғалімді оқушыға солай тапсырма беруге басшылық мәжбүрлеп отырған болар. Ол басшылықтың басшылығы бар дегендей
» деп жазады. Әзірге бұл мәселе бойынша білім және ғылым министрлігі де, Алматы облысы білім басқармасы да ресми жауап таратқан жоқ. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.