05-05-22 |
4040 рет қаралған
Алматы облысында фермер малшыны машинамен қағып, аяусыз ұрған.
Алматы облысында фермер малшыны машинамен қағып, аяусыз ұрған

Оқиға Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Матай станциясы маңындағы шаруа қожалығында болған. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті хабарлады.

Қожалықта фермердің малын бағатын малшыны Талдықорған қаласынан келген 43 жастағы қожалық иесі «Лексус-470» машинасымен қағып, сосын таяқпен аяусыз ұрған. 44 жастағы малшының 9 қабырғасы және жауырын сынған. Денесіне басқа да зақым келген. Қазір ол облыстық ауруханада дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қожалық иесі мен малшы сөзге келіп қалып, малшы әйелі мен кәмелеттік жасқа толмаған екі баласын алып кетпекші болған. Сол кезде фермер малшыны машинамен қағып, артынан ұрып-соққан.

«Күдікті ұсталып, қамау алынды. Медициналық тексеруде жеңіл дәрежеде алькоголь ішкені анықталған. Оның үстінен ҚР ҚК 106 бабы бойынша, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде», – деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаменті.

Сондай-ақ фермердің машинасы тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.