arasha.kz

Алматыда отансүйгіштікке тәрбиелейтін бағдарламалар жүзеге асырылады

Кеше, 10 наурыз күні Қазақстан Жазушылар одағы Алматы қаласы музейлер бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес аталған мекемелер өскелең ұрпаққа эстетикалық тәлім-тәрбие беретін, отансүйгіштікке баулитын бағдарламаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, көрмелер, мәдени-ағарту іс-шаралары мен экскурсиялар ұйымдастырып, көрнект қаламгерлердің шығармашылық өмір жолы, қоғамдық қызметі мен ізденістерін жан-жақты насихаттау барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Алдағы уақытта тараптар Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық меретойына орай көшпелі көрме ұйымдастыру, Бірлестікке кіретін музейлерде ақын-жазушылармен шығармашылық кештер өткізу сынды көптеген әдеби-мәдени шараларды бірлесіп атқарады.

Exit mobile version