11-12-18 |
4030 рет қаралған
Елде ет тұтынатындар 2% көбейіп, ет қымбаттады.
Елде ет тұтынатындар 2% көбейіп, ет қымбаттады

Биылғы жылы Қазақстанда ет пен ет өнімдерін тұтынатындар саны 2% көбейген, тұтынушылар көшін қарағандылықтар бастап тұр. Сондай-ақ, бұл өнімнің бағасы да өскен дейді сарапшылар. 

ranking.kz сайтының жазуынша, қарағандылықтар адам басына шаққанда бір жылда 22,3 кг ет жеген, ал рейтингтің екінші сатысындағы Павлодар халқы 22 кг, үшінші орындағы Алматы облысының тұрғындары 21,8 кг ет өнімін пайдаланған. Ал елде етті ең аз тұтынатын Түркістандықтар екен. Олар биыл жан басына шаққанда 15,2 кг ет жепті.

Сайттағы мәліметтерге сүйенсек, әр қазақстандық 5,7 кг сыйыр етін жейді. Бірақ бір жылда сыйыр етінің бағасы 6,7%-ға, ал бір айда – 0,9%-ға өскен, бұл бір келісіне 1543,1 теңгені құрайды.

Биыл жылқы еті ерекше қымбаттаған екен. Оның бағасы бір жылда – 10,5% -ға көтеріліп, желтоқсанға қарай бір келісі 1745,5 тг құрады. Ал бір айда – 0,3% қымбаттап отыр. Сәйкесінше жылқы етін тұтынатындар 9,8%-ға азайған.

Керісінше тауық етін тұтынатындар артып, олардың көрсеткіші – 6,9% құрапты. Бір жылда тауық еті 6,4% қымбаттаса, соңғы бір айда 1,5%-ға өсіп кеткен.

Доңыз етіне келер болсақ, бір жылда – 7%-ға қымбаттап, бір келісі 1302,5 тг құрап отыр (бір айдағы өсім — 0,2% өсті).

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.