фото: vlast.kz
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би (Маловодный) ауылына кірберіс жолды полиция жапқан. Бұл туралы vlast.kz жергілікті тұрғындар мен куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
vlast.kz тұрғындардың «жақында ауылда жергілікті тұрғындар арасында конфликт болған» деген сөзін келтіреді. Алайда Еңбекшіқазақ ауданы полициясы жолдың жабылмағанын, ашық екенін айтқан.
«Маловодное ауылында ешқандай ұлтаралық қақтығыс болған жоқ. Онда полиция жоқ, жол ашық» деген басылымға аудан полициясы. Облыс полиция басқармасы да ауылда қандай да бір оқиғаның болғанын жоққа шығарған.
Ал ауыл тұрғындары vlast.kz ке телефон арқылы жолдың жабық екенін, адамдарды үйден шықпауға шақырғанын айтқан.
2007 жылы бұл ауылда қазақтар мен шешендер арасында ұлтаралық қақтығыс болып, 9 адам қаза тапқан еді.