16-05-19 |
1930 рет қаралған
Қоқыс полигонындағы өртті сөндіре алмай жатқан билік қалай АЭС салмақшы? (видео).
Қоқыс полигонындағы өртті сөндіре алмай жатқан билік қалай АЭС салмақшы? (видео)

Бүгін түнде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылынан 7 шақырым жердегі қоқыс полигонынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер әзірге өртті сөндіре алмай жатыр. Өрттен шыққан түтін әуелі Бішкек жаққа жайылса, кейін желдің бағыты өзгеріп, қалаға қарай жайылған. Алматы тұрғындары таңертеңнен бері дем алу қиындап, қала түтін басқанын әлеуметтік желіде жазып жатыр. Қазіргі кезде төтенше жағдай қызметі оқиға орнында өрт ошағына құм сеуіп, тілсіз жауды сөндірмекке талпынып жасап бағуда.

Өрт ошағының ұшақтан түсірілген видеосы

Ал Алматыда өрттен жайылға түтіннен ыс және қолқаны қабатын сасық иіс тарауда. Алматы облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрт шыққан жерде облыс әкімі Ләззат Тұрлашов жүр. Өртті сөндіруге құрылыс техникалары да тартылған. Төтенше жағдайлар комитеті сағат 14:00 де Алматыдағы қоқыс полигонындағы өрткен қатысты брифинг өткізетіндерін хабарлады.

Қоқыстың өртенуіне қатысты түрлі әлеуметтік желілерде алуан пікір айтылып жатыр. Мәселен, блоггер Аида Жексен телеграм каналында: «Өрт сөндірушілер өрт ошағына бара алмаған. Қазір алыстан топырақ шашып жатыр. 21-ғасырда, 2019 жылы өрт сөндірушілер қоқысты өшіре алмай отыр. Сөйте тұрып бұлар АЭС салмақшы болып жүр» деп жазады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.