24-08-20 |
1530 рет қаралған
Праймеризге қатысушы өзінің 2011 жылы «қайтыс» болғанын біліпті.
Праймеризге қатысушы өзінің 2011 жылы «қайтыс» болғанын біліпті

Алпысбаев К.С дейтін азамат Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Нұр Отан» партиясы филиалы арқылы праймеризге қатысуға өтініш берген. Ол құжаттарын өткізу барысында аудандық азаматтық хәл актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінен өзінің 2011 жылы қайтыс болды делініп тіркелгенін біледі. Бұл туралы PRIMARIES 2020 telegram каналы жазады.

Сөйтіп бұл іске «Нұр Отанның» партиялық бақылау комиссиясы араласып, Алпысбаевтың деректері қалпына келтіріліп, праймеризге қатысушы кандидат ретінде тіркелген.

Партияның бақылау комиссиясы  Алакөл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Сатылбалдиевке ескерту жасап, аудандық азаматтық хәл актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мұхаметжанованың тәртіптік жауапкершілігін қарауды тапсырған.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.