Алматы қалалық прокурорның орынбасары Назар Ыбыраймолда еске алу митингісіне жиналғандарға жазбаша арыз қалдырып, құқық бұзушылық әрекеттермен заңды түрде күресуге шақырды.
Алматыда жексенбіде өткен еске алу шарасында Балташ Тұрсымбаев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілов, Еркін Рақышев пен Жанболат Мамайлар секілді саясаткерлер мен қоғам белсенділерір болды.
Еске алу митингі сағат 12-де қаңтар қантөгісінде құрбан болғандарға құран бағышталған соң басталды.
Сағат 12 болғанда халық жиналған аумақта интернет желісі толық өшірілді. Бірақ Сәтбаев пен Назарбаев көшелері жабылған жоқ. Адамдар да, көліктер де емін-еркін өтіп жатты. Шерушілерді бақылаған полициялар да көп байқалмады. Жол ережесін бақылап жүрген бірнеше жол патрульдерінен бөлек полицейлер көзге көрінген жоқ.
Тәуелсіздік ескерткіші алдында тұрғандар «Халық террорист емес» деген жазуы бар плакат ұстап тұрды. Кейбіреулер қайғылы қазаға ұшыраған марқұмдардың әруағына арнап, шелпек пісіріп әкелген.
Белсенді азаматтар халық алдына шығып, сөз сөйледі. Сөйлегендер биліктің қаңтар оқиғасы кезінде халыққа оқ атуын сынап, азаптау мен қудалауды тоқтатуды талап етті. Митингіге қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың туыстары да жиналды.
Тәуелсіздік монументінде оқиға құрбандарының тізімі жазылған. Жұрт қаза болғандардың рухына құран бағыштап, монументке гүл қойған. Монументтің жаны қаза тапқан марқұмдардың суреттерімен толған. Ескерткіш алдына келушілер шам жағып, қаза тапқандарды еске алды.
Алматылық суретші әрі дизайнер Денис Стадничук монументтің жанына ақ қағаздар қойып, үстіне 227 алма қойған. Ресми деректер осынша адам қаңтар қақтығысы кезінде қаза тапқан.
Халықтың тарауын сұрап келгендерді жиналғандар ортаға алып, заңсыз қамалғандарды босатуды талап етті. Прокурордың орынбасары Ыбыраймолда міндетті түрде шара көрілетінін айтып, халықтың арыз жазу қажеттігін айтты. Прокуратура өкілдері жиналғандарға өздерімен бірге прокуратураға барып, талаптары жазылған өтініштерін тапсыруды ұсынды. Жиналғындар мұнымен келісті.
Еске салайық, биылғы жылдың қаңтар айының басындағы Маңғыстаудағы сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты жаппай наразылық басталып, оның соңы ел аумағында тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа ұласқан еді. Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда кемі 227 адам мерт болған, оның 19-ы – күш құрылымдары өкілдері.
Фото Orda.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024