arasha.kz

Қапшағай шенеуніктері қаржы қымқырды деген күдікке ілінді

Қапшағай қаласының шенеуніктері жолға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл жайында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қапшағай автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің» лауазымды тұлғаларын тергеп жатыр. Шенеуніктер аяқталмаған жұмыстардың актілеріне қол қойып, ақшаны ЖШС аударып отырған. Осының салдарынан мемлекеттің 14 миллион теңгеден астам қаржысы қолды болған. Тергеу мүддесі үшін бұл фактіге байланысты басқа мәліметтер жария етілмеді.

Exit mobile version