24-05-18 |
5360 рет қаралған
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттаған 21 журналист марапатталған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын  насихаттаған 21 журналист марапатталған

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  насихаттаған әріптестерге де көңіл бөлініп, ынталандыру жасалыпты. Айталық, аталмыш бағдарлама халыққа жеткізуде белсене еңбек еткен 21 журналист тұңғыш арнайы «Самғау» сыйлығымен марапатталған. Марапат 7 номинация бойынша өтіп, жүлде қоры 7 млн. теңге болған екен. Бұл марапат жыл сайын берілетін болады. Мұндай жаңалықты 24-мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Сонымен қатар «Ақ қауырсын» әдеби сыйлығы да облыста алғаш рет тағайындалып, бұл марапат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісу көктемі» атауымен өткен жас әдебиетшілердің І форумында табысталған.

Жалпы атап өтсек, Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы туралы БАҚ-та 8 773 мақала жарық көріп, өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында 59 брифинг өткізілген.

«ВВС» телерадиокорпорациясымен бірлесіп «Жетісу» бейнеролигі түсірілді, оны бүгінге дейін жер шарының 470 миллион көрермені тамашалады. Қазір екінші бейнероликті түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Өңірдің туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында облыстық «Жетісу» телеарнасы мен жас таланттар бірлесіп «Welcome to Zhetysu» көркем фильмін түсірді.

– Жалпы облыста өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 8 мың іс-шара өткізіліп, оған 1 млн. адам тартылды, – деп атап өтті Алматы облысының әкімі А.Баталов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.