arasha.kz

Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл үлкен қауіп төндіріп тұр

Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл үлкен қауіп төндіріп тұр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл қазіргі көлдің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде жиналған су жағалауды жырып ағуы мүмкін сол себепті қауіп төндіруі мүмкін. Фондық бағалау әдістемесіне сүйене отырып сел ағындарын болжау бойынша мұздық көлдің серпілісі ағымдағы жылдың 6 – шы тамызынан бастап болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты облыс әкімдігі Талғар ауданының тұрғындары, қонақтары және демалушылар мен туристер Талғар қаласының басында орналасқан гиротехникалық қондырғыдан асып тауға, демалыс орындарға шықпауға шақырады.

 Сондай-ақ, Талғар өзені арнасына жақын орналасқан тұрғын үй иелеріне және жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік желілерді, теледидиар және радиобайланыс желілеріне, электросиреналардың қосылуы кезінде мұқият тыңдап, құлақ түруді сұрайды.

Exit mobile version