12-10-24 |
8650 рет қаралған
Талғардағы кісі өлімі: Отбасы қорғауға алынды, жедел тергеу тобы құрылды.
Талғардағы кісі өлімі: Отбасы қорғауға алынды, жедел тергеу тобы құрылды

Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Бас прокуратура ж

Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, марқұм Шерзат Болаттың отбасы қорғауға алынған. Бұл туралы жергілікті полиция басқармасы хабарлады.

Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір марқұмның ата-анасы құқық қорғау органдарының қорғауына алынған.

Өртке қатысты ТЖМ де ақпарат таратты.

12 қазан күні сағат 00.50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында тұрғын үй өртенді.

Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді.

Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте сағат 01.08-де тұрғын үйдің шатырының жанғаны анықталды. Үй толығымен отқа оранды.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт сағат 01.38-де оқшауланып, сағат 01.43-де 56 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жүргізуде, – делінген ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.