фото: zhasalash.kz
15 маусым күні сағат 23:46-да 5 адам пышақ жарақатымен Ұйғыр аудандық ауруханасына түскен. 1999 жылы туған екі азаматқа ота жасалған. 2 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген. 1 адам хирургия бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта 3 адам аталған аурухананың хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты. Бұл Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің malim.kz мәлім еткен хабарламасы.
фото: mail.kz
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұйғыр ауданына дереу жетіп, шұғыл жиналыс өткізді. Жиналыста жастардың арасында іріткі салу деректері де жоқ емес екені де айтылып қалған. Әлбетте, жергілікті жұрт мұндай шетін оқиғаға енді жол бермеу керектігін, алдын алу қажеттігін де айтқан. Әкім де өз кезегінде ел ішінің бірлігі мен ынтымағы үшін әлгіндей оқиғаларды түп тамырымен жою керектігін айтып, оқиға бойынша шешім қабылданатыны жеткізген.
Ал әкімнің баспасөз хатшысы: «Негізгі мәселе 16-сы күнгі орын алған оқиға. Және оның салдары. Барлық адам бұл қақтығыстың ешқандай ұлтаралық себептерден емес екенін алға тартты. Тәртіптсіздік болған» депті. Демек қақтығысқа дейін барған әжептәуір оқиға болғанға ұқсайды. Оған облыс әкімінің өзі барып, шұғыл жиналыс өткізгені бір дәлел.
Ендігі мәселе Амандық Баталов Ұйғыр ауданындағы мәселені қалай шешеді? Өте нәзік мәселе екені айтпаса да түсінікті. Бірақ жастардың арасында іріткі салу деректері жиналысқа қатысқан жұрттың айтқанындай бар болса, облыс әкімі осыған дейін идеологиялық мәселеде қырағылық танытпаған ба деген сауал туады. Баталов әлгіндей оқиғаларды ел бірлігі үшін мүлдем болдырмауға бекініп отырса да оны қалай шешпек, қандай шешім қабылдамақ? Әкімнің сыналары тұсы – осы болса керек.
Өткенде Ұйғыр ауданында тағы бір мәселе туындап, бес адам қызметінен кеткен еді. Сол жолғыдай әдіспен Амандық Баталов тағы да аудандағы бірнеше шендіні қызметінен қуып, «мәселе түп тамырымен шешілдіге» есептей ме әлде басқа шешім қабылдана ма оны уақыт көрсетеді.
Айтпақшы, ұзақ жылдардан бері Ұйғыр ауданының атын өзгерту туралы мәселе қоғамда көтеріліп келеді.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024